Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы келіні Гүлмира Сатыбалдыға сот үкімі шықты. Сатыбалды мүлкі тәркіленіп, 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Гүлмира Сатыбалды мен Мәди Батыршаевқа Сатыбалдының күйеу баласы әрі бизнес-серіктесі Абай Жүнісовті 165 күн қамауда ұстады деген айып тағылған.
Сот Жүнісовтің 165 тәулік қамауда болғанын, сол уақытта Сатыбалдының жәбірленушінің және оның жақын туыстарының ақшалай қаражаты мен мүлкін иемденгенін анықталды. Осылайша ол 217,9 млн теңге материалдық шығын келтірген.
Сондай-ақ Сатыбалды жәбірленушіні өзімен аффилиирленген үшінші тұлғаларға мүліктік және жарияланған акцияларға құқықтарын қайта тіркеуге мәжбүрлеп, 1,2 млрд теңгеге аса ірі көлемдегі материалдық залал келтірген.
Сот үкімімен Гүлмира Сатыбалды 12 жылға бас бостандығынан айырылды, Батырашев 9 жылға сотталды.