Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатты пробация қызметіне уақтылы тіркемеген Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлерін тәртіптік жауапқа тартты. Бұл туралы аталған комитеттің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Процестік тәртіпті бұзғаны үшін бірқатар кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - дейді Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен.
Айта кетсек, таяуда әлеуметтік желіде Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың бостандығы шектелген ұлы Нұрасыл Болаттың түнгі уақытта емін-еркін жүрген видеосы тараған еді.