"Уақытша қолайсыздықтар үшін "Қазтелерадио" АҚ кешірім сұрайды", - деп хабарлады "Қазтелерадио".
Қазақстанның барлық аумағында биылғы 10 наурызда сағат 03:00 мен 17:00 аралығында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, деп хабарлады paryz.kz.
"2021 жылдың 10 наурыз айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", - деді "Қазтелерадио" АҚ.
Айта кетейік, "Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
"Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді. Сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін "Қазтелерадио" АҚ кешірім сұрайды", - деп хабарлады "Қазтелерадио".