Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.09°C

Қазақстанда 20 мыңнан астам су көлігі тіркелген: Кімдерге тиесілі екен?

Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тілепов Қазақстанда неше яхта тіркелгенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Kazinform.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстанда 20 мыңнан астам су көлігі тіркелген: Кімдерге тиесілі екен?
power-boat.ru

«Қазақстанда неше яхта тіркелген және олар қай қалаларда шоғырланған?» - деп сұрады журналист орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет төрағасының айтуынша, ведомствоның тізбесінде «яхта» деген жіктелім жоқ. Бірақ осы типке жататын 60-тан астам су көлігі бар.

«Қазіргі таңда Қазақстанда 20 мыңнан астам су көлігі тіркелген. Оның 270-сі теңіз көлігі, 800-ден астамы өзен көлігі, қалған 19 мыңға жуығы шағын су көліктері.  Яхтаға келсек, бізде ондай жіктелім жоқ. Осы типтегі 62 жүзу көлігі Маңғыстау облысының Ақтау қаласында тіркелген. Сондай-ақ, сейіл мен спортқа арналған жүзу көліктері бар. Олар Қапшағай су қоймасының маңайында тіркелген», - деді Қасым Тілепов.