Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Алматы облысында жедел жәрдем жүргізушілері жалақыны көтеруді талап етті (ВИДЕО)

Ал Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы осы мәселені жылдам шешуге тырысатынын хабарлаған. 

Алматы облысында жедел жәрдем жүргізушілері жалақыны көтеруді талап етті (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Алматы облысында жедел жәрдем жүргізушілері жалақыларын көтеруді талап етіп, үндеу жолдады, деп хабарлады paryz.kz

Жедел жәрдем жүргізушілері өздерінің жалақыларын не үшін қысқартқанын, ұстап қалу себептерін, жұмысшылардың кейбір қарыздары туралы сұраған. Осыған орай Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді.  

Сондай-ақ өтемақы, қызметкерлерге демалыс беру туралы наразылық білдірді. Олар өз өтініштерін Денсаулық сақтау министрлігі мен облыстық Денсаулық сақтау басқармасына жолдаған.

Тағы оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жалақыны өсіруді талап еткен краншылар жұмысын тоқтатты

Ал Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы осы мәселені жылдам шешуге тырысатынын хабарлаған. 

"Олар науқастарды көмексіз қалдырмау үшін ереуілге шыққысы келмейді. Жоғарыда аталған мәселелерді тезірек шешуге үміттенеміз. Бұл факті бойынша Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Еңбекақыны есептеу тетігі жеткізілді, сондай-ақ Еңбек инспекциясының өкілі қатысты. Барлық сұрақ бойынша жауаптар берілді, сондай-ақ жалақыны төмендету (қызметкерлер бойынша есептеу жүйесі іріктеліп көрсетілді) қызметкерлер тарапынан шағым жоқ екендігі түсіндірілді", - деп мәлімдеді Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы.