Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Заңсыз телефон импортынан Қазақстан 150 млрд теңгеге ұтылады

Заңсыз телефон импортынан мемлекет қазынасы жыл сайын 150 млрд теңгеден ұтылады, деп хабарлайды Paryz.kz, Informburo.kz-ке сілтеме жасап. 

Заңсыз телефон импортынан Қазақстан 150 млрд теңгеге ұтылады
kgd.gov.kz

Қазақстанда жалған, яғни заңсыз жолмен әкелінген және IMEI коды қайталанатын 3,7 миллионнан астам ұялы телефоны қолданыста. Заңсыз импорттан Қазақстан бюджетіне жыл сайын 100 миллиард теңгеден астам қаржы түспейтін болса, бұл көрсеткіш қосымша құн салығы, корпоративтік табыс салығы секілді ілеспе салықтарды қосқанда 150 миллиард теңгеден асып жығылады. Бұл туралы "Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту туралы" цифрлық даму министрінің бұйрығына енгізілетін өзгерістер жобасынан белгілі болды. 

Құзырлы министрліктің түсіндіруінше, қазіргі уақытта Қазақстанға ұялы телефондарды, оның ішінде қайталанатын IMEI-кодтарын әкелудің көптеген заңсыз жолдары бар. "Сұр" импорттың бір жолы – елге жалған ұялы телефондарды әкелу.

Қайталанатын IMEI-кодтардың болуы құқық қорғау органдарына ұрланған ұялы телефондарды іздеу және оларды бұғаттау бойынша жедел жұмысты тиімді жүргізуге мүмкіндік бермейді. 
Осыған орай, министрлік ұялы байланыс қызметтерін ұсынуға тыйым салынған абоненттік құрылғылардың "қара" және "сұр" тізімдерін әзірлеуді жоспарлап отыр. Бұл тізімге енген абоненттік құрылғылар верификациядан өтпейді. Цифрлық даму министрлігі бұл тәсіл елге заңсыз әкелінген құрылғыларды бұғаттауды жеделдетіп, ел бюджетіне түсетін салық қаражаты көлемін арттырады деген сенімде.