Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алматы түрмесінен қашқан қылмыскер Ақтөбеде пәтер жалдап жатқан

Бірақ ол өз еркімен берілу туралы бұйрыққа пысқырмапты. Арнайы жасақ екінші қабаттағы пәтерге балконнан кіріп ұстады.

Алматы түрмесінен қашқан қылмыскер Ақтөбеде пәтер жалдап жатқан
фото: ашық дереккөз

34 жастағы Дәмір Дәуітовке осыдан 2 апта бұрын іздеу жарияланған еді. Ол ЛА 155/18 уақытша тергеу изоляторында адвокатымен кездескен соң дәретханаға сұранған. Содан кейін қайта кездесу бөлмесіне келіп, тығылып қалған, деп хабарлады paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Сотталушы кеш батқан кезде әкімшілік ғимаратқа өтіп, темір құлыпты сындырып, 1,5 метрлік дуалдан секіріп кеткен. Содан ол алдымен 10 күн бойы Тараз қаласында бой тасалайды. Кейін жолшыбай көлікке мініп, Ақтөбеге жеткен.

Қалада пәтер жалдап, тығылып жатқанын тәртіп сақшылары біліп қояды. Бірақ ол өз еркімен берілу туралы бұйрыққа пысқырмапты. Арнайы жасақ екінші қабаттағы пәтерге балконнан кіріп ұстады.

Қашқын қазір Ақтөбедегі тергеу абақтысында отыр. Ол бұған дейін бірнеше рет сотталған. Соңғы рет қараша айында алаяқтық пен ұрлық жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған екен.

"Қылмыстық атқару жүйесі комиетімен бірлесіп, аймақтардағы полиция департаменттерінің жұмысының арқасында қашқын ұсталды. Оған қылмыстық іс қозғалып отыр. Қашып кеткені үшін енді тағы 6 жылға дейін жаза арқалуы мүмкін", - деді ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев.