Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында 36 жастағы жұмысшыға найзағай түсіп, қайтыс болды, деп хабарлады Paryz.kz.
Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың мәліметінше, жұмысшы вагонға металл сынықтарын тиеп жүрген.
«Осы сәтте оған найзайғай түскен Ол оқиға орнында қайтыс болды. Сараптама барысында оқиғаның мән-жайы толық анықталады. 1988 жылғы экскаватор машинисі "Метеллург" компаниясында жұмыс істейді. Оның 16 жыл еңбек өтілі бар», - деп жазылған хабарламада.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, жұмысшылар жедел жәрдемді шақырған.
«Ер адам жедел жәрдем қызметі жеткенше көз жұмды», - деп жазылған хабарламада.