Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты сот үкімі жарияланды. Бұл ақпаратты Астана қалалық сотының баспасөз қызметі растады.
Экс-шенеунікке қатысты қылмыстық істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ауыр зардаптарға әкеп соқтырып, билікті асыра пайдаланды деген айып бойынша қарады.
Бұл іс процедуралық келісіммен кінәсін мойындау «құпия» белгісімен келді. Сондықтан іс жабық форматта қаралды. Сотта прокурор айыпты қолдап, соттан 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, – делінген хабарламада.
Сотталушы кінәсін толық мойындап, өз ісіне өкінген.
Сот үкімімен экс-министр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 10 жылға айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Е. Тұрғымбаевқа сыбайлас жемқорлық қылмыс белгілері жоқ айып тағылғандықтан, Қылмыстық кодекстің 63-бабының негізінде тағайындалған жазаны шартты деп санау туралы қаулы етілді. Бұл ретте сот сотталушының кінәсін мойындауын, оның шын жүректен өкінгенін және алғаш рет қылмыс жасағанын ескерді, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, сот ҚР Президентіне экс-министрді арнаулы атақтан және мемлекеттік наградалардан айыру туралы ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.