Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1, 23 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 477,14 теңге.
Ұлттық банктің 8 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 475,62 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,52 теңге. Еуро – 519, 23.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 475,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 477,9 теңге. Еуро 520, 05 – 524,5 теңге аралығында саудалануда. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 475 теңге, сатып алу құны – 479 теңге. Еуро 518 теңгеден сатылып, 523 теңгеден сатып алынады. Ресей рублі 5,38 – 5,53 теңге аралығында саудаланып жатыр.