Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Баланы балабақшаға қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі

Қазақстанда 11,5 мың балабақша жұмыс істейді. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту үшін жылдың соңына дейін 77 мыңнан аса жаңа орын ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Paryz.kz.

Баланы балабақшаға қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі
Фото: Halyq Uni

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін жыл бойы құжат тапсыруға болады.

Астана, Алматы қалаларында және Ақтөбе, Қостанай облыстарында балалардың мектепке баруына байланысты мектепке дейінгі ұйымдарда топтарды жасақтау аяқталды. Өзге өңірлерде бұл жұмыс тамыздың соңына дейін жалғасады. Кезекке қою, құжат қабылдау және жолдама беру жөніндегі мемлекеттік қызметті жергілікті әкімдіктер электрондық үкіметтің веб-порталы немесе ақпараттандыру объектілері арқылы көрсетеді.

Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

қабылдауға арналған жолдама; өтініш;

қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің) немесе электрондық құжаттар қызметінен цифрлық құжат; баланың туу туралы куәлігі немесе электрондық құжаттар сервисінен цифрлық құжат;

№ 065/е нысанындағы профилактикалық егу картасы;

№ 052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;

№ 027/у нысанды анықтама; психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін).