Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Нұртас Адамбайдың соты кейінге шегерілді

Нұртас Адамбайға Қазақстанның діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Paryz.kz Kazinform-ға сайтына сілтеме жасап.

Нұртас Адамбайдың соты кейінге шегерілді
Фото: Нұртас Адамбай/Facebook

Шоуменнің үстінен қозғалған істі тыңдау бүгін WhatsApp мессенжері бейнеконференциясы арқылы өтуі тиіс еді.

«Нұртас Адамбайға қатысты сот отырысы кейінге қалды», — деп хабарлады елорда сотының баспасөз қызметі. Қалалық сот отырыстың кейінге қалу себебін және қашан өтетінін нақтыламады.