Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

ҚМДБ түнгі клубтың жанында мас күйінде ұсталған бас имамды қызметінен босатты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы көлікті мас күйінде жүргізгені үшін сотқа тартылған Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбетке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Paryz.kz.

ҚМДБ түнгі клубтың жанында мас күйінде ұсталған бас имамды қызметінен босатты
Коллаж: Azattyq Ruhy

ҚМДБ өз қызметкеріне қатысты ресми түсініктеме беріп, оның қызметінен кеткенін мәлімдеді.

«Діни басқарманың қызмет жүйесінде заң нормаларын және дін қызметкері этикасын өрескел бұзатын жеке тұлғалардың діни салада жұмыс істеуіне моральдық тұрғыдан құқығы жоқ. ҚМДБ дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасаған Бахытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрайды», - делінген хабарламада.