Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Тамызда республика бойынша мал санағы басталады

Тамызда республика бойынша мал санағы басталады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросында өткен онлайн-сессия барысында айтылды.

Тамызда республика бойынша мал санағы басталады
Фото: ortalyq.kz

Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1248 қаулысына сәйкес, 2025 жылы ауыл шаруашылығы санағын өткізу жоспарланған. Оған дейін санақ парақтарын, әдіснамаларды, ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сынақтан өткізу, далалық жұмыстардың ұйымдастырылуын, сондай-ақ интернет пен әкімшілік деректердің сапасын бағалау мақсатында пилоттық ауыл шаруашылығы санағы өткізіледі.

Ауыл шаруашылығы санағына шаруа немесе фермер қожалықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметініске асыратын үй шаруашылықтарын қоса алғанда, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері, дара кәсіпкерлер қатыса алады.

Санақ жер және егіс алқаптары, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының саны, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы инфрақұрылымына қатысты басқа да аспектілер туралы деректерді өзектендіруге мүмкіндік береді, – деді Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Әсел Шауенова.

Бюроның аумақтық бөлімшелері ауқымды шараны биылғы 20 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында 54 елдімекенде – ауылдық және қалалық жерлерде жүргізеді.