Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ферроқорытпа зауытындағы апат: тағы екі адам ауруханада қайтыс болды

Қарағанды ауруханасында ферроқорытпа зауытында зардап шеккен тағы екі адам қаза тапты. Төрт науқас әлі де ауыр жағдайда, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ферроқорытпа зауытындағы апат: тағы екі адам ауруханада қайтыс болды
Фото: Александр Павский/Kazinform

«Қарқынды реанимациялық іс-шаралар өткізілгеннен кейін Қарағанды ферроқорытпа зауытының тағы екі қызметкерінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. 1981 және 1987 жылы туылған науқастар есін жимастан қайтыс болды. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін бар күш-жігеріп салып, күрескен болатын. Қаза тапқандардың жақын туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қаза болғандар – балқыту цехының механигі Адамчук Дмитро мен бас механик қызметінің шебері Төлеген Жетпісбаев.