Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,26 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 474,09 теңге. Ұлттық банктің 24 шілдедегі ресми бағамы — 1 долларға 472,62 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,43 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 473,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 475,5 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 472 теңге, сатып алу құны — 477 теңге. Ресей рублі 5,31 — 5,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.