Алдағы үш күнде Қазақстанда +45 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Қазгидромет» РМҚ хабарлауынша, әсіресе оңтүстікте күн қызады.
Оңтүстік-шығыста 43 градусқа дейін және шығыста 37 градусқа дейін ыстық болады. Қалған аймақтарда күн суытады.
Түркістан, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Талдықорған, Қонаев, Алматы қалаларында қатты ыстық күтіледі.