Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Қазақалтын" комбинатының қаржыгері 1,5 млрд теңгемен қашып кетті

Динара Бегалина есепшоттардағы ақша туралы білген және оған қаражат қолжетімді болған. Бұл іске оның 13 жыл бұрын сотталған күйеуі Қайрат Нұрмағамбетовтің қатысы болуы мүмкін... 

"Қазақалтын" комбинатының қаржыгері 1,5 млрд теңгемен қашып кетті
фото: ашық дереккөз

Степногорскідегі компания филиалының қаржыгері ірі алаяқтық жасады. "Қазақалтын" тау-кен металлургиялық комбинатының қызметкері компания есепшотынан 1,5 млрд теңгені қолды еткен, деп хабарлады paryz.kz

"Қазақалтын" компаниясынан ірі көлемде ақша жымқырған күдіктілерді іздестіру жалғасуда. Құжат деректерінен белгілі болғандай, компанияның қаржы бөлімінде жұмыс істеген Динара Бегалина есепшоттардағы ақша туралы білген және оған қаражат қолжетімді болған. Бұл іске оның 13 жыл бұрын сотталған күйеуі Қайрат Нұрмағамбетовтің қатысы болуы мүмкін деп болжануда.

Жақында күдіктінің ұлын әжесіне қалдырып, қызын алып, азаматтық некедегі күйеуімен бірге қашып кеткені белгілі болды. Ақша ұрланғаны туралы арыз Степногорск қаласының полициясына 23 ақпанда келіп түскен. Күдіктілерді іздеу бойынша нұсқаулық бүкіл Қазақстанға жіберілген.

Іздеу жұмыстары әзірге нәтиже берген жоқ. Полиция басқа мәліметтерді хабарламады.