Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Биыл 10 астам талапкер жалған ҰБТ сертификатымен грант ұтып алмақ болған

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ сертификаттарын қолдан жасау әрекеттері туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Биыл 10 астам талапкер жалған ҰБТ сертификатымен грант ұтып алмақ болған
Фото: stan.kz

Биыл жалған ҰБТ сертификаттарын ұсыну жағдайлары анықталды. Қазіргі уақытта грант конкурсына құжаттар қабылданып жатыр және қабылдау комиссияларына жалған сертификаттар ұсыну бойынша 10-нан астам әрекет тіркелді, деп мәлімдеді ҰТО баспасөз қызметі.

«ҰБТ сертификатын қолдан жасау мүмкін емес екенін ескеру маңызды. Әрбір сертификатта оның түпнұсқалығын бірден тексеруге мүмкіндік беретін бірегей QR коды бар. Сондай-ақ, ҰБТ сертификаты ресми құжат болып саналады және оны қолдан жасау Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады», – деп толықтырды ведомство. 

Мысалы, бір ұсынылған жалған сертификатта QR-код ашылмайды, сондай-ақ сандар әртүрлі шрифтпен, әртүрлі көлемде жазылған. Сертификаттарды қолдан жасауға тырысудың барлық жағдайы тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданады.