Соттың мақұлдауымен пара алушы мен пара берушінің қамауға алынғандығы атап өтілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің қамауға алынуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады paryz.kz.
"Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол заңды тұлғаның құрылтайшысынан букмекерлік кеңсе және жалпы патронат саласындағы мүдделері үшін пара алды деп күдіктелуде", - деді агенттіктің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.
Соттың мақұлдауымен пара алушы мен пара берушінің қамауға алынғандығы атап өтілді. Данияр Биғайдаров тергеу мүддесіне сай, басқа ақпарат жария етуге жатпайтынын айтты.