Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Елімізде соңғы бір аптаның ішінде 44 парақор шенеунік сотталды

Барлық сотталған мемлекеттік қызметкер өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылады.

Елімізде соңғы бір аптаның ішінде 44 парақор шенеунік сотталды
фото: Almaty.tv

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров "Antikor news" жобасы аясында өткен брифингте айтты, деп хабарлады baq.kz.

"Биылғы 18 ақпанда Тараз қаласының соты бұрын сотты болған қылмыстық топ көшбасшысы Жаппаровты 2 жыл, 1 айға соттады. Мерзімінің соңғы мерзімге қосылуы нәтижесінде, ол 11 жылға сотталды. Қылмыскер 150 мың теңге параны дәнекерші арқылы өткізіп, ұялы телефонды түрмеге кіргізбек болған", - деді Бекайдаров.

Оның айтуынша, барлық сотталған мемлекеттік қызметкер өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылады.

"Осы аптада 44 лауазымды қызметкерге қатысты 14 іс қаралды. Сот шешімі бойынша 44 адам сотталды. Соңғы кезде барлық шешім бойынша қатаң жаза шығарылып жатыр", - деді тергеуші.