04.07.2024, 17:29

«Ауылдағыдай»: ШЫҰ саммитінде президенттерге қандай ас ұсынылды

Фото: Борт № 1

ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астана қаласына арнайы келген ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларына ұсынылған түскі ас мәзірі жарияланды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Ас мәзірінде: бал қыша тұздығы қосылған авокадо салаты, лайм сорбеті, карамельді грильяжбен ванильді суфле, сондай-ақ, қой етінен қуырдақ, сиыр етінен тұшпара сорпасы, бұзау етінен чебурек болды. Каспий бекіресі филесі, ауылдағыдай дайындалған картоппен сиыр етінен «брискет» те ұсынылды.

Айта кетейік, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті.

Бұл саммитте Беларусь ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі атанды.