Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ақтауда жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Ақтауда жедел жәрдем фельдшерін ұрған ер адам ұсталды, деп хабарлады Paryz.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтауда жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Фото: Halyq Uni

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, күдіктіге қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қазір аталған дерекке қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жария етілмейді, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 30 маусымда түн ортасында жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалғанын хабарлаған болатынбыз. Оның миы шайқалып, бетінің көп жері көгерген.