Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алматыда миллиондарды жымқырған мәйітхана директоры сотталды

Ол бюджет қаржысын мемлекеттік сатып алу арқылы ұрлау мақсатында, заңмен белгіленген тыйымға қайшы әрекет ете отырып, "Veritas Primus" ЖШС-ін құрған...

Алматыда миллиондарды жымқырған мәйітхана директоры сотталды
фото: azattyq-ruhy.kz

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тендер арқылы теңгені ұрлауға жол берген Қалалық патологиялық бюроның директоры Бақытжан Әлібековке қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлады paryz.kz.

Бақытжан Әлібеков бюджеттің 4,5 миллион теңгесін мемлекеттік сатып алу арқылы ұрлау мақсатында, заңмен белгіленген тыйымға қайшы әрекет ете отырып, "Veritas Primus" ЖШС-ін құрған. Ол осы компания арқылы жоғарыда көрсетілген бюджет қаражатын жымқырған.

"Сондай-ақ, Әлібеков Алматы қаласының жаңа Қалалық патологиялық анатомиялық бюросында медициналық техниканы жеткізуге қабылдау-тапсыру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін Алматы қаласындағы кәсіпкерден 14 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Шенеунікке қатысты қылмыстық іс сотқа жеткен. Күдікті Бақытжан Әлібековтің кінәсінің дәрежесі туралы соңғы шешімді сот шығарады.

Еске сала кетсек, "Қалалық патологиялық бюро" ШЖҚ КГП директоры Бақытжан Әлібеков 2020 жылдың қазан айында ұсталып, екі айға қамауға алынған еді.