Астанада 11 және 13 жастағы ұл мен қыз 2 шілдеде үйден кетіп, қайтып оралмады, деп хабарлайды Paryz.kz.
«13 жасар Малика мен 11 жасар Ибрагим 2 шілдеде Қараменде би Шақаұлы көшесіндегі 3/2 үйден шықты. Балалар балық аулауға кетті, бірақ оралмады», - делінген ақпаратта.
Қазір оларды полиция мен еріктілер іздеп жатыр.
Жоғалған қыздың бойы 160 см, қара қоңыр ұзын шашы бар, қара қалпақшасы бар, сұр жемпір киген.
Баланың белгілері: бойы 110 см, маңдайында тыртық бар, көзі қоңыр түсті. Жоғалған күні оның үстінде көк куртка болды. Балалар өздерімен бірге көрпе алған.
Кез келген ақпаратты полицияға хабарлауды сұраймыз.