Қырғызстанда қаза тапқан 4 баланың денесі Қазақстанға жеткізіледі

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабының ақпаратына сәйкес, сел тасқыны салдарынан бұрын жоғалып кеткен тағы 2 бала - Қазақстан азаматтарының денесі табылған, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Қырғызстанда қаза тапқан 4 баланың денесі Қазақстанға жеткізіледі
фото: elements.envato.com

Қазіргі уақытта жергілікті биліктің көмегімен жеделдетілген режимде құжаттар ресімделіп, қажетті рәсімдер жүргізіліп жатыр, деп мәлімдеді еліміздің Сыртқы істер министрлігі.

Қазақстандық дипломаттар қаза тапқандардың туыстарына барынша көмек көрсетіп жатыр, – деп толықтырды ведомство.

Жақын арада Қазақстан Төтенше жайдайлар министрлігінің ұшағымен қаза тапқан барлық 4 баланың денесі елге жеткізіледі.

Бұған дейін Қырғызстандағы сел тасқыны салдарынан екі қазақстандық баланың көз жұмғаны туралы жазған едік.