28.06.2024, 14:55

Депутаттар каникулға кетті

фото: парламенттің баспасөз қызметі

Сегізінші сайланған парламенттің екінші сессиясы аяқталды. Екі палата депутаттары парламенттік каникулға кетті, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, екінші сессияда екі палатаның қарауында 179 заң жобасы болды. Оның 102-сі қабылданды.

Палаталардың 5 бірлескен отырысы, Мәжілістің 39 жалпы отырысы және Сенаттың 43 жалпы отырысы өтті. Сессия барысында депутаттар бірқатар маңызды заң жобасы бойынша Үкіметпен бірлесе жұмыс істеді. Біз басты қаржы құжатын – республикалық бюджетті қабылдадық, - деді Қошанов.

Айтуынша, қазір Парламентте 71 заң жобасы бар. Депутаттық корпус енді Бюджет, Салық, Құрылыс, Су кодекстері бойынша жұмыс істейді.

Сонымен қатар біз мүлде жаңа Цифрлық кодексті күтіп отырмыз. Алдымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет, есірткімен күрес, дін, сот жүйесіндегі реформалар және басқа да мәселелерге қатысты заң жобалары бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр. Парламент, Үкімет және сарапшылар қоғамдастығы үйлесімді әрі жан-жақты жұмыс істеуі қажет, - деді Мәжіліс төрағасы.