Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Алматыда билеп жүріп терезеден құлаған қыз жайлы жаңа мәліметтер шықты

Алматыда терезенің ернеуінде билеп, кейін құлап қайтыс болған бойжеткен туралы жаңа мәліметтер белгілі болды. 17 жастағы марқұм Қырғызстанда наркологиялық диспансерде есепте тұрған, деп хабарлады Paryz.kz КТК арнасы.

Алматыда билеп жүріп терезеден құлаған қыз жайлы жаңа мәліметтер шықты
Фото: egemen.kz

Телеарнаның мәліметінше, 17 жастағы қыздың өміріндегі соңғы минуттары. Таңғы 6-дан аса терезенің сырт ернеуінде билеп, ән салып жатыр. Кейін қолына сыраға ұқсас бөтелкені алады. Ішіндегісін сіміре тауысып, лақтыра салады. Осыдан кейін бойжеткен ішке қарай кіріп тынышталады. Бірақ көп ұзамай, жетінші қабаттағы пәтерінен секіріп кеткен. Бойжеткеннің денесі құлаған жер. Айналада қанның іздері әлі жатыр. Оның денесі жатқан жер мен үйдің ара қашықтығын есептесек, үш метрден сәл асады. Соған қарағанда 17 жастағы қыз байқаусызда құлап кеткен жоқ. Әйтпесе денесі осы жерде жататын еді. Керісінше, жүгіріп келіп секіріп кеткен көрінеді.

Айқай болды да, құлап түсті. Артыма қарасам, қап сияқты бірдеңке жатыр, тротуардың үстінде. Қасына келіп қарадым. Қыз бала екен. Бүк түсіп жатыр екен. Қан жайылып кеткен. Ағып жатыр, қып-қызыл болып, дейді аула тазалаушы Әмірхан Таулақбаев.

17 жастағы марқұм Қырғызстанда наркологиялық есепте тұрған екен. Әкесі ата-ана құқығынан айырылған. Қамқоршысы ретінде туыс әпкесі танылған. Ол Қазақстанға жұмыс бабымен келмек болып, бойжеткенді өзімен ертіп әкеліпті. Жетінші қабаттағы пәтерде тұрып жатқанына екі айдан асқан.

Кеше мен сағат тоғыздарда далаға осы жерден шыққанмын. Сол кезде бір қыз келді. Дәл сол қыз ба, байқамадым. Мына жерге келді. Боғауыз қыз екенін байқадым. Бірге түсітік. Далада ары-бері жүгіріп жүрді. Шашы жайылған, қара. Арықша келген. Сол қыз-ау деп ойладым, дейді көршісі Аделя Нұрғожина.

Телерана хабарлауынша, қайғылы оқиға болған «Теремки» кешенінің тұрғындары марқұм қыздың тәлтіреңдеп жүргенін бірнеше мәрте көрген. Өзге көршілері қолына ішімдік ұстап жүргенін айтады. Кәмелетке толмаған қыздың неге қадағалауда болмағаны мен өз-өзіне қол жұмсауына не түрткі болғанын полицейлер анықтап жатыр.

Өзіне қол жұмсау дерегі бойынша Түркісіб ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, нақты себеп-салдары мен мән-жәйын анықтап жатыр,- деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.