26.06.2024, 16:31

«Тергеліп жатыр»: ІІМ көшеде әйелді ұрған адамның Арман Шореав екенін растады

Фото: видеодан скриншот

Ішкі істер министрінің орынбасары Арман Қожаев Арман Шораевтың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Paryz.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

«Осыған дейін біз қылмыстық іс қозғалғаны жайлы ақпарат берген болатынбыз. Қазір тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы қабылданды. Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай реестрге енгізілді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Шораев өзі екенін жоққа шығарса, қылмыстық іс тіркелді, тергеліп жатыр», - деді Қожаев.

Осыған дейін Астанада ер адамның әйелді көшеде шашынан сүйреп, ұрып жатқан видеосы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.