26.06.2024, 15:23

8-12 жыл: Бишімбаевтың адвокаттары оның мерзімін екі есеге қысқартқысы келеді

Фото: скриншот

Бишімбаевтың адвокаттары оның соттылық мерзімін 8-12 жылға қысқартуды көздеп отыр, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Адвокат Назкен Құсайынова  BES.media журналисіне берген пікірінде Бишімбаевты соттау мерзімін екі есеге қысқартуды жоспарлап отырғанын айтқан.

«Абайсызда өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бабы бойынша 8 ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырады», - деді ол.

Бұған дейін, адвокат Ерлан Ғазымжанов Бишімбаевқа тағылған «аса қатігездікпен адам өлтіру» ҚК 99-бабын «абайсызда өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру» ҚК 106-бабына ауыстырып, жазаны жеңілдетуді сұраған. Ал азаптау бойынша айыпты мүлде алып тастап, оны жаңа құраммен жаңадан қарауды талап етті.

Еске салайық, Қуандық Бишімбаев марқұм әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен, қинап өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған, ал оның қылмысын жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын.