Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

ҚР Жоғарғы соты республика соттарының отырыстарын тікелей эфирде өткізу тәжірибесін жалғастыруда, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы ертең, 26 маусымда сағат 10:00-де өтеді.

«Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылдады»,-делінген хабарламада.

Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың және «Хабар» агенттігінің YouTube-арнасынан көре аласыздар.