«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның территориясына Ираннан жылы ауа массалары келе бастайды.
«25-26 маусым күндері еліміздің батыс және солтүстік өңірлерінде жаңбыр, кейбір жекелеген аймақтарында қатты жауын болатынына қарамастан, 27 маусымда еліміздің солтүстік аймағына аптап ыстық келеді.
Термометр көрсеткіші солтүстік өңірлерде +35+38 градусты көрсетсе, оңтүстік аймақтарда +40+46 градусқа дейін күн ысиды», — делінген хабарламада.