Ұлттық тестілеу орталығы 396 түлектің тест нәтижесі жойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz.
ҰБТ басталғалы бері 211 мың рет тест тапсырылған. Оның ішінде талапкерлердің 76 пайызы шекті балл жинап отыр.
Түлектердің орташа балы – 68, ал әзірге республика бойынша ең жоғары балл – 138. Сондай-ақ ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 577 талапкер қатысты.
Атап айтқанда:
Тестке қатысушылардың басым бөлігі, яғни 18 пайызы «Математика-Физика», 16 пайызы «Биология-Химия» пәндер комбинациясын тапсырды. Түлектердің 15 пайызы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған.