Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Елімізде зейнет жасы төмендей ме

Мәжіліс кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнет жасының төмендеуін талап еткен петицияға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Елімізде зейнет жасы төмендей ме
фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Ол петиция қажетті дауысты жинаса, халықтың пікірін тыңдап, мәселені қарайтын жұмыс тобының құрылатынын айтты.

«Стратегиялық есептерді жүргізіп қойдық. Сондықтан қазіргі уақытта шешім қабылданса, петиция керек дауысты жинаса, халықтың алдына шығып, пікірлесіп, жұмыс тобын құрып шешім қабылданады. Қазір біз басқа шараларды қарап отырмыз. Негізі зейнет жасына тиіспей-ақ, зейнетке ерте шығу құқығы, зейнетке тиісті жасынан кеш шығу құқығы деген іс-шараларды қарастырып отырмыз», - деп жауап берді министр.

Еске салсақ, қазір epetition порталында әйелдердің зейнет жасын 55 жасқа дейін, ал ерлердікін 58 жасқа дейін төмендетуді талап еткен петиция жарияланған. Қазақстандықтар қол қойып жатыр.