Сенат депутаты Бекболат Орынбеков «Қазақфильм» АҚ-ға бюджеттен бөлінетін қаржының тиімсіз жұмсалатынын айтты, деп хабарлады Paryz.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Қаражатты пайдаланудың тиімсіздігі, оның ішінде көп жылдан бері келе жатқан отандық кинематография саласында үлкен проблемалар бар. 2016-2022 жылдары кезеңінде «Қазақфильм» АҚ-ға кино шығаруға және прокаттауға 14,5 млрд теңге бөлінгенмен, оның 4,8%-ы ғана ақталды, - деді Бекболат Орынбеков Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Сондай-ақ ол осы сөзіне мысалдар келтірді.
Мысалы, «Аруақ» фильміне 300 млн теңге жұмсалса, 7 мың теңге ғана табыс түскен. «Композитор» фильміне 1,2 млрд теңге бағытталса, оның табысы 400 мың теңге болды. Ұлттық киноны мемлекеттің қолдауы орталығы бойынша, 2019-2023 жылдардағы бюджеті – 6,7 млрд теңге, ал прокат соммасы – 1,1 млрд теңге. Өкінішке қарай осындай мысалдар өте көп.
Сондықтан мемлекеттік аудиторлардың есептері ескерілмейді деген күмән бар», - деді депутат.