Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Фонтанда көз жұмған жігіт ҰБТ тапсыруға келген: Министр істің мән-жайын айтты

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыда субұрқақ жанында талапкердің қайтыс болуына пікір білдірді, деп хабарлады Paryz.kz Kazinformға сілтеме жасап.

Фонтанда көз жұмған жігіт ҰБТ тапсыруға келген: Министр істің мән-жайын айтты
Фото: Александр Павский/Kazinform

«Оқиға сағат 16.00-де болған. Күн райы өте ыстық болып тұрған. Тыйым салатын белгі тұрғанына қарамастан, субұрқаққа түскен. Ол субұрқақтың екі „тостағаны“ бар, ол тура ішіне кірген. Өлімнің себебі бүгін сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болуы керек. Алдын ала мәлімет бойынша, жүрегі тоқтап қалған немесе ток соққан болуы мүмкін», — деді ол.

Министр қайтыс болған талапкердің Алматыдағы № 185 мектепті тәмамдағанын айтты.

Университетке ҰБТ тапсыру үшін келгенімен, электр қуатының ақауына байланысты тест тапсырып үлгермеген. 

«Сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күту керек. Бұл мәселемен Бостандық ауданының полиция басқармасы айналысып жатыр. Салғырттық салдары ма, әлде оқыс оқиға ма, әзірге білмейміз», — деді Саясат Нұрбек.

Еске сала кетейік, 19 маусым күні Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аумағында жасөспірім қайтыс болғанын хабарлаған едік.