Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Арман Шораев өзіне тағылған айыпқа қатысты пікір білдірді

Қоғам белсендісі Арман Шораев өзіне тағылған айыпқа қатысты тілшімізге жауап берді, деп хабарлады Paryz.kz.

Арман Шораев өзіне тағылған айыпқа қатысты пікір білдірді
Фото: inbusiness.kz

Маған жала жауып жатыр, сондықтан арыз жазамын. Ол оңбаған (ред. М. Козачков) қазір УДО-да (мерзімінен бұрыншартты босату) жүр, ол УДО-ның шартын бұзып отыр, қайтадан қылмыс жасап жатыр, енді отырған жеріне қайтады, - дейді ол.

Сондай-ақ Астана қаласы Полиция департаментінің ресми хабарламасына да пікір білдірді. 

«Мен ол жағын айта алмаймын, мен ешкімді ұрған жоқпын, ешкімге тиіскен жоқпын», - деп жауап берді Арман Шораев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Журналист Михаил Козачковтың телеграм-арнасында ер адамның әйелді ұрып-соғып жатқаны түсірілген бейнежазба жарияланды. Жазба авторлары полиция қызметкерлеріне сілтеме жасап, видеодағы ер адамның Арман Шораев екенін айтқан болатын.