Шымкентте қамқорлығына және асырап алған балаларына жауыздық танытқан емшінің бұған дейін адам өлтіргені расталды. Сондай-ақ ол психикалық ауытқумен есепте тұрған, деп хабарлайды Paryz.kz Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Емші ісіне қатысты жабық сот процесі өтіп жатыр.
Сот отырысына келген қалалық білім басқармасы қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің маманы Жадыра Тоғысбекова тілшілерге берген сұхбатында ер кісі бала асырап алмас бұрын жұбайы екеуі бала асырап алу бойынша арнайы курстан өткенін және бірнеше құжат ұсынғанын айтты.
Фото: Жансая Тәуекелқызы/Kazinform
Бұл құжаттар ішінде емшінің бірқатар медициналық анықтамада дені сау екені, бұрын сотталмағаны көрсетілген.
Басқармадағылар биыл мамырдың 27-сінде прокуратураға сұраныс жіберген.