Ақмола облысында алаяқтық жасаған деген күдікпен Степногор қаласының № 4 мекеме бастығы, әділет подполковнигі Асылхан Биттігұлов ұсталды, деп хабарлады Paryz.kz.
«Ақмола облысы бойынша ҚАЖД өзіндік қауіпсіздік тобы мен Ақмола облысы полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері бірлесіп, ҚР ҚК 190-бабында көзделген қылмыс жасады деген күдікпен Степногор қаласындағы № 4 мекеме бастығы, әділет подполковнигі Асылхан Биттігұловты ұстады», — деп хабарлады Ақмола облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінен.
Ведомстводан атап өткендей, ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.