Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Құрбан айт: өңірлерде құрбандық малы қаншадан сатылып жатыр

Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2024.kz сайты іске қосылды. 

Құрбан айт: өңірлерде құрбандық малы қаншадан сатылып жатыр
Коллаж: Kazinform

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының мәліметінше, онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аудара алады.

Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және видео есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі.

Құрбан шалуға болатын қойдың ең арзан бағасы Семейде (Абай облысы) тіркеліп отыр, 1 қойды 40 мың теңгеден бастап сатып алуға болады. Ең қымбат баға Атырау, Қостанай және Маңғыстау облыстарында, аталған өңірлерде қойдың құны 150 мың теңгеге дейін барады.

қой

Фото: Kazinform

Қойдан бөлек, кейбір өңірлерде ешкі, сиыр, түйе секілді ұсақ және ірі қара малды құрбандыққа шалуға болады.