Елімізде асыранды балалардың құқығын күшейтетін заң қабылданбақ, деп хабарлайды Paryz.kz.
Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкинаның айтуынша, Мәжілісте «Балалардың құқықтарын қорғау мен білім беруді қамтамасыз ету туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Оның ішіне:
қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жұмысын күшейтетін, оларға қосымша функциялар қосу;
патронаттық отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға бақылауды күшейту нормалары кіреді.
«Әр балалы отбасыға, әсіресе қамқорлығына бала алған отбасыларға барып, баланың жағдайын тексеріп тұратын қызметкер керек. Мәселені осылай шешу керек», - деді Юлия Овечкина.
Сонымен бірге, министрліктің қызметкері шымкенттік Ұлықбек Смановтың оқиғасына қатысты пікірін білдіріп, қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.