Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Самат Әбіш неліктен шартты түрде ғана сотталды - Жоғарғы Сот түсіндірді

Ақпан айының соңында ҰҚК басшысының бұрынғы бірінші орынбасары және Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Самат Әбіш «лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін» 8 жылға шартты түрде сотталды. Жоғарғы Сот неліктен шартты үкім шығарылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Самат Әбіш неліктен шартты түрде ғана сотталды - Жоғарғы Сот түсіндірді
Фото: gov.kz

Журналистер Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Назгүл Рахметуллинадан Самат Әбішке неге шартты мерзім берілгенін сұрады.

Ол қылмыстық кодекстің 63-бабына сілтеме жасады. Бұл бапта қандай жағдайларда шартты мерзім тағайындауға болмайтыны жазылған. Яғни, егер мұндай тыйымдар болмаса, судья әрбір нақты жағдай бойынша жеке шешім қабылдайды.

«Шартты түрде соттау жиі қолданылады, заңның бабы бар және оны қолданбауға соттың құқығы жоқ. 63-бапта шартты түрде соттау қолданылмайтын қылмыстар тізімі бар. Бұл: аса ауыр қылмыстар, 12 жылдан астам бас бостандығынан айыру санкция болған кезде, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және т. б. Егер тыйым салынбаған жағдайда сот жеке шешім қабылдайды, іс бойынша бәрі ескеріледі: адам бұрын сотталған ба, қылмыспен келтірілген залалды өтеген бе, тағы басқа жағдайлар ескеріледі», - деп түсіндірді Рахметуллина.

Ол шартты түрде соттау нормасы кеңес заманынан бері қолданылып келе жатқанын айтты.