Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымы соттың қарауына берілді

Азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың апелляциялық шағымы соттың қарауына берілді. Бұл туралы Сот кабинетіндегі ақпаратта көрсетілген, деп хабарлайды Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымы соттың қарауына берілді
Фото: Астана соты баспасөз қызметі

Бірінші инстанциядағы сот үкіміне сотталушы Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов түсірген апелляциялық шағымының соттың қарауына 2024 жылдың 11 маусымында берілгені ғана белгілі.

Бұл қылмыстық істің материалдары көпшілікке жарияланбай отыр. Тек шешім қабылданған күнді ғана көруге болады.

Алайда қылмыстық іс қаралған Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотындағы құжаттарда істің «облыстық сотқа берілгені» көрсетілген.