Прямая трансляция

Астана

Астана

1°C

Елімізде қатерлі ісіктен ерлер жиі көз жұмады

Қазақстанда әйелдерге қарағанда ерлер жиі көз жұмады. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлады paryz.kz. 

Елімізде қатерлі ісіктен ерлер жиі көз жұмады
Фото: medcity.pro

Оның айтуынша, бүгінде елімізде онкологияға шалдығып, есепте тұрған 222 мың адам бар. Былтырмен салыстырғанда ауру көрсеткіші 7,1% өскен.

Еркектерге қарағанда (44%) әйелдер жиі ауырады – 55%. Бірақ әйелдерге қарағанда ерлер жиі қайтыс болады. Ауруға шалдыққан науқастардың 55,6%-ы – еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Онкологиялық аурулар көрсеткіші бойынша бірінші орында сүт безі обыры тұр. Одан кейін тізімде өкпе обыры, колоректальды обыр, асқазан обыры және жатыр мойны обыры тұр, - деді Тимур Сұлтанғазиев.

Вице-министр өлім-жітім көрсеткіші бойынша көш басында өкпе обыры тұрғанын атап өтті.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы Диляра Қайдарова онкологияға шалдыққандардың саны өскенін атап өтті.

Елімізде онкологияға шалдыққандар санының өсуі байқалады. Мысалы, 2023 жылы біз 41 мыңнан аса жаңа деректі тіркедік. Әрине, коронавирустан кейін Қазақстанда ғана емес, әлемде онкологияға шалдыққан науқастар санының күрт өскені байқалды. Дүниежүзілік конгресте барлық онколог бұл мәселені көтерді. 5 жылда Қазақстанда ауруды нөлдік және алғашқы кезеңде анықтау 5,5% өсіп, 35% болды. 5 жылда 218 мың адамның өмір сүру жасы 55% өсті. Олар онкология бойынша 5 жылдан аса уақыт есепте тұрған, - деді онколог.