Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Германия полициясы Қазақстанның экс-судьясын іздеп жатыр – СІМ

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Германияда қазақстандық әйелдің жоғалғанын, экс-судьяны полиция іздеп жатқанын айтты, деп хабарлады Paryz.kz. 

Германия полициясы Қазақстанның экс-судьясын іздеп жатыр – СІМ
коллаж: kursiv.media

Оның айтуынша, 2024 жылғы 5 маусымда Майнда Франкфурт қаласындағы ҚР-ның бас консулдығына Қазақстан азаматтары 2024 жылғы 3 маусымда қызының жоғалып кеткенін айтып, арыз түсірген.

Бас консулдық осы өтінішті ерекше бақылауға алды. Ақпарат түскеннен бастап дипломаттарымыз жергілікті полицияға хабарласып, полиция жедел іздестіру іс-шарасын бастап кетті, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ресми өкіл заңға сәйкес (Германияда) қылмыстық істің мән-жайы жария етілмейтінін, қазақстандық тараптың іске тікелей араласуға құқығы жоқ екенін атап өтті.

Дипломаттар жоғалған әйелдің туыстарымен тікелей байланысты. Қазір неміс тарапына бұл істі жеке бақылауға алу және барлық қолғабысты көрсету туралы арнайы хат жолданды. 
Жақын арада неміс тарапымен бірлесіп, жоғалған Қазақстан азаматының туыстарына виза алып беру үшін жұмыс істеп жатырмыз, - деді ресми өкіл.