Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Адам ұрлау, мүлкін тартып алу: Қызылордада ірі қылмыстық топ ұсталды

Қызылордада қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Адам ұрлау, мүлкін тартып алу: Қызылордада ірі қылмыстық топ ұсталды
Фото: polisia.kz

Топ мүшелері өз мақсаттарын іске асыру үшін адамдарды ұрлап әкетіп, мүлкін тартып алып, қылмыстық қақтығыстарға қатысқан. Сондай-ақ олардың ойын-сауық мекемелеріне қылмыстық қамқорлық көрсетуге, құрылыс және ауыл шаруашылығы саласында бопсалауларға қатысы тексерілуде.

«Топтың негізгі мүшелері қамауға алынды. Атыс және травматикалық қару, ірі мөлшерде қаражат тәркіленді. Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізілуде», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.