Жексенбі күні Жер маңынан 2021 DD1 және 2021 DK1 астероидтері ұшып өтті.
Бүгін, 22 ақпанда Жерге көлемі стадионмен шамалас астероид жақындайды, деп хабарлады paryz.kz, НАСА JPL ғылыми-зерттеу орталығына сілтеме жасап.
Есепке сәйкес, диаметрі 213 метр болатын 2020 XU6 астероиді ғаламшарымызға 4 миллион шақырым қашықтықта жақындайды. Дәл осы күні Жер маңынан диаметрі 23 метр 2020 BV9 астероид (5,6 миллион шақырым қашықтықта) пен диаметрі 40 метр болатын 2021 CC5 астероиді (6,9 миллион шақырым) ұшып өтеді.
Жексенбі күні Жер маңынан 2021 DD1 және 2021 DK1 астероидтары ұшып өтті.