Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі утилизация алымы туралы петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтпегенін мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше петицияның бастамашылары отырысқа қатысудан бас тартқан.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ғимаратына – стратегиялық нысанға кіру регламентіне сәйкес келушілер ұялы телефондарын кіреберісте қалдыруға тиіс. Алайда өтініштің бастамашысы Санжар Боқаев және оның өкілдері регламент талаптарын орындаудан және жұмыс тобының отырысына қатысудан бас тартты, - деп жазылған хабарламада.
Министрлік барлық мүдделі тарап шақырылғанын, жұмыс отырысының түсірілімі және отырыстың хаттамасы қамтамасыз етілгенін атап өтті.
«Отырысқа қатысу үшін парламент депутаттары, өнеркәсіп вице-министрлері, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды. Өңірлерден қоғам белсенділері келді.
Алайда біз жоспарланған іс-шараны тоқтатуға мәжбүр болдық, өйткені петицияның бастамашысы оған қатысудан бас тартып, министрліктің Жұмыс тобының отырысынан кейін бейнежазбаны ұсынуына келіспеді», - деді ӨҚМ баспасөз қызметі.
24 мамырда E-Petition.kz ресми порталында жарияланған утиль алымға қатысты петицияға 50 мың адам қол қойды.