ПД баспасөз қызметінің өкілі Кенже Қонысбай Facebook-тегі парақшасында аталған шендінің былтыр 15 адамды өрттен құтқарған ерлігін де атап өтті.
Қостанайлық полиция қызметкері көлік жүргізушілеріне тас жолдағы қар құрсауынан шығуға көмектесті, деп хабарлады paryz.kz.
Тәртіп сақшысы көліктің алдына шығып, жол көрсетіп жүгірген. Оның артынан жүрген көлік жүргізушісі полиция қызметкерін видеоға түсіріп алған. Осылайша ол полицияға өзінің ризашылығын білдірген.
Ал жергілікті ПД баспасөз қызметінің өкілі Кенже Қонысбай Facebook-тегі парақшасында аталған шендінің былтыр 15 адамды өрттен құтқарған ерлігін де атап өтті.
"Кеше Қостанайда алапат боран болды. Сонда көліктердің алдында жаяу жүгіріп, жол көрсеткен Амантай батыр желінің жұлдызына айналып, жұрттың ризашылығына бөленді. Амантай екі шақырымдай жүгіріп, көліктер колонасына жөн сілтеген. Бұл өзі шынымен батыр, «отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын» жігіт қой. Өйткені былтыр сәуір айында 15 адамды өрттен құтқарғаны тағы бар. Ол ерлігін министр де, өңір басшысы да атап өтті. Міне, біздің жігіттер осындай", - деді әріптесіміз.