Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

«Ұзартқышпен қылқындырып, денесін асып қойған»: Қостанайда әйелін өлтірген полицейге үкім шықты

Қостанайда полиция департаменті патрульдік полиция батальонының бұрынғы инспекторы жұбайын өлтіргені үшін 9 жылға сотталды, деп хабарлайды облыстық сот.

«Ұзартқышпен қылқындырып, денесін асып қойған»: Қостанайда әйелін өлтірген полицейге үкім шықты
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ерлі-зайыптылар арасында жанжал болып, ер адам әйелін электр ұзартқышпен қылқындырып өлтірді. Әрі қарай қылмысты жасыру үшін ол мәйітті гаражға апарып, онда ол өзіне қол жұмсағандай есіп көрсетуге тырысады.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен жәбірленушінің өлімі мойынның қысылуына байланысты механикалық асфиксия нәтижесінде болғаны анықталды.

Сотталушы жасаған ісіне кінәсін мойындап, өкінішін білдірді. Қорғаушы соттан сотталушыға ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігінің санкциясында көзделген ең төменгі шектен төмен жаза тағайындауды сұрады.
Жәбірленуші тарап сотталушыға қатаң жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушының кінәсі сотталушының, жәбірленушінің, куәгерлер мен сарапшылардың айғақтарымен, қылмыстық іс материалдарымен, оның ішінде тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, сот сараптамалары мен зерттеулерінің қорытындыларымен дәлелденді.

Сотталушы жасаған қылмыс аса ауыр қылмыс санатына жатады. ҚК 99-бабының 1-бөлігі 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Прокурор айыптау актісінде сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларды, оның жасаған ісіне шын жүректен өкінуін және қылмыстық құқық бұзушылық жасауға себеп болған жәбірленушінің мінез-құлқының азғындығын көрсетеді. Ауырлататын мән-жай ретінде қабылдаған антты бұзып құқық бұзушылық жасауы ескерілді.

Аталған жайттарды сот назарға алды.

Сот сотталушыны жұбайын өлтіргені үшін кінәлі деп тауып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сотталған «полиция аға лейтенанты» арнайы шеніненн айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.